• Историко-краеведческий и архивный журнал Тұған Өлке

АЙМАҚТЫҚ ГЕОТАРИХ ПЕН ТУРИЗМ


Е.А. ТОҚПАНОВ

Ш. УӘЛИХАНОВ  ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ  ЖАЗБА ДЕРЕККӨЗДЕРІНІҢ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

Шоқан Уәлиханов зерттеген аймақтардың картасын құру ісіне де зор үлес қосты. Ол өзі жүріп өткен жолдарының сызба нұсқасын, географиялық координатын құрған кезде, жергілікті топографиялық элементтердің әр түрлі жағадайда бағдарлау мүмкіндіктерін анықтауға тырысты.

Айтар ойымызды ғалымның өз қолымен жасаған Қарақара өзенінің аңғарының, солтүстік Тянь-Шань асуларының Алтынемелден Құлжаға дейінгі жүріп өткен жолының және Тянь-Шаньның сырттарының карта-сызбалары дәлелдейді.

Оны картография тарихының қызықтырғанын Жапонияның, Ішкі Азияның карталарына, Азияның атласымен К. Ритердің жалпы жертануына жасаған сын ескертпелерінен көруге болады.

1985 жылы Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы басып шығарған 5 томдық таңдамалы шығармалар жинағының 2-ші томының 218-ші бетіндегі Захаровтың, Цимлерманның деректеріне талдау жасай отырып жасаған Орталық Азияның шартты картасында Ташкент, Верный, Құлжа қалаларының географиялық ендіктері қазіргі кездегі картадағы деректерге жақын болуы кадет корпусында жоғары дәрежеде геодезиялық білім алғанын көрсетеді.

Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырда Ресейдің жоғарғы оқу орындарында жан-жақты білім алып, географиялық зерттеулер жүргізуге арнайы дайындалған қазақтың алғашқы ғалымдардың бірі. Оны еңбектерінде қазіргі кезеңдегі физикалық қана емес, экономикалық және әлеуметтік географияға аса қажетті құнды материалдар бар.

Шоқан Уәлихановтың Ыстықкөлге, Қашқарияға, Жетісу мен Құлжаға саяхатының нәтижесінде жүргізілген зерттеулері орыс ғалымдарының Қазақстан мен Орта Азияның табиғатын жан-жақты оқып үйренуіне жол ашуға мүмкіндік беруімен маңызды.

Ғалымның сол кезеңде Батыс Европа мен патшалық Ресей үшін беймәлім болған жерлерді зерттеуге деген қабілеті Омбы кадет корпусында оқып жүрген кезінде байқалды. Оған 1850 жылдары жас Шоқанның Торғай, Есіл далаларында өз бетімен жүргізген геодезиялық кескіндеу жұмыстары дәлел болады.

Шоқан географ ғалым ретінде Жетісу өңірінің табиғаты мен тарихын зерттеуге зор үлес қосқан.

Оның Жетісу өңірінің табиғатын зерттеуі 1854 жылы полковник Гутковскийдің экспедициясына қатысып, Қапал бекінісіне келіп қайтуынан басталды.

1855 жылы Батыс Сібір мен Солтүстік Шығыс Қазақстанның генерал-губернаторының адъютанты ретінде Госфортпен бірге Жетісуға, Тарбағатай мен Орталық Қазақстанға саяхат жасады. Оның бағыты Омбыдан басталып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауының баурайында аяқталды.

Қайтар жолында Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің етегін бойлай Алакөл, Жоңғар қақпасы, Барлық-Майлы, Тарбағатай тауларында болып, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралды. Шоқан еңбектеріне зер салсақ, саяхат барысында өзі болған өңірлердің табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне, өзен тауларына, органикалық дүниесіне, тарихына жан-жақты сипаттама берген. Шоқан өз еңбектерінде Лепсі Көксу өзендеріндегі өткелдерден тек арнайы жабдықталған салдармен ғана өтуге болатын мол сулы екенін атап көрсеткен. Ғалымның бұл деректері ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Жетісу өңірінің климаты бүгінгідей аридті емес, біршама гумидті Қазақстанның оңтүстік шығысындағы биік тау белдеулеріндегі қар сызығы қазіргі деңгейінен әлдеқайда төмен, мұздықтардың ауданы ірі болғанын көрсетеді.

Ол өзінің жол жазбаларында Балқаш пен Алакөл бағзы заманда бір алапта жатқаны жөнінде ой қорытындыларын шығарды. Саяхат барасында Қазақстанның аумағының табиғатының қазіргі ерекшелігін ғана емес, палеоклиматтық, палеоэкологиялық жағдайын, өзен аңғарларының морфологиясын, Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тауларының геологиялық құрылысын зерттеуге зор мән бергенін көрсетеді.

1985 жылы Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы басып шығарған Ш.Ш. Уәлихановтың 5 томдық таңдамалы шығармалар жинағының 4-ші томының 362-365-ші беттерінде берілген 1855 жылғы саяхатының жолжазбаларында Жетісу Алатауының солтүстік шығыс бөлігінен бастау алатын Алакөл алабына жататын Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендерінің аңғарларында жергілікті қазақтар мен сырттан келген қытайлар шашыранды алтын өндіргенін және де жазылған деректер сол кездің өзінде 25 жасар жас ғалымның тау жүйесінің пайдалы қазбаларын игеру мәселесіне зор мән бергенін көрсетеді.

Ғалымның 1855-1858 жылдар аралығындағы саяхаттары нәтижелерін қорытындылау барысында жазылған «Жоңғар очерктері», «Іле сырты өлкесінің географиялық очерктері», «Ыстықкөл саяхатының күнделіктері», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде Жетісу өңірі мен Тянь-Шань тауларының табиғатын кешенді оқып үйреніп, табиғат компоненттерінің арасындағы өзара байланысын ашуға баса назар аударып, жүріп өткен жолының табиғат кешендеріне салыстырмалы сипаттама береді.

«Жоңғар очерктері» атты еңбегінде Жетісудағы тау жүйелеріндегі биіктік белдеуліктің алмасу заңдылықтарына алғашқылардың бірі болып мән беріп, таулы, жартылай таулы және жазық белдеу деп үш топқа бөлді.

Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов Қазақстанның оңтүстік шығысы мен Орта Азиядағы биік тау жүйелерінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесінің арасындағы ұқсастықтардың бар екенін анықтады.

Қазіргі кезеңде жүргізілген палеографиялық талдаулардың нәтижесінде биік таулардағы қатаң әрі суық климат жағдайлары сібір элементтерінің оңтүстікке терең еніп, тауаралық ойыстардағы құмды, сазды шөлдердің аридті флорасының Шығыс Сібірдің қазаншұңқырларына дейін жалжуына мүмкіндік бергенін анықтауы ғалымның ғылыми болжамын уақыт өте келе дәлелдегенін көрсетеді.

Ыстықкөл сапарына барар жол қазіргі Алтынемел ұлттық бағы арқылы өткені белгілі. Ғалым Іле өзенін бойлай созылып жатқан үлкен және кіші қалқан тауларының баурайынан Мырзашөл мен Бетпақдаладан жұт жылдары ауып келіп қалып қойған құландардың табаны мен қарақұйрықтарды көріп Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі Орта Азия фаунасын Гобиден бөлетін табиғи шекара болып табылады деген ой қорытындысын шығарды. Шамамен 130-140 жыл өткен соң 1996 жылы Алтынемел табиғи-ұлттық бағы ашылып, сол аумаққа 1980 жылдары құландар, 2000 жылы Пржевальский жылқысы жерсіндіріліп, қарақұйрық басқа да шөл жануарлары мен құстары қорғауға алынған.

1855-1856 жылдар аралығындағы Жетісуға, Құлжа мен Ыстықкөлге жасаған саяхаттарының жолжазбаларындағы деректерге талдау жасай отырып, қазіргі атаулармен салыстырсақ, Жетісу өңірінің жергілікті жер-су аттарының көп өзгерістерге ұшырағанын аңғаруға болады. Ғалым өз еңбектерінде Аягөз, Лепсі, Тентек, Ырғайты, Басқан, Ақсу, Қаратал, Көксу, Бұрқан, Өсек, Борохудзир, Қорғас, Іле, Шелек, Кеген, Шарын өзендерінің аңғарының ерекшеліктері мен гидрологиялық режиміне толық сипаттама берген. Сонымен қатар Үйгентас, Лабасы, Мұқыры, Алтынемел Жоңғар Алатауына этимологиялық талдау жасап мән-мағынасы мен шығу тегін дұрыс анықтап, орналасқан орнын, басқа нысандарға қатысты жағдайын нақты көрсете білген.

Мысалы, Жетісу Алатауының оңтүстік батыс бөлігіндегі Өсек, Ағынықатты  өзендерінің аралығындағы «Үйгентас» атауы сақ-ғұн, түркі замандарының тас қорғандарына байланысты қойылғанын атап өтіп Алтынемел мен Еренқабырға тауларының аралығындағы тауаралық иінде орналасқан географиялық орнын, жер бедерінің сипатын нақты көрсетеді. Географ ретінде Алтынемел Кескентерек асуларын Тянь-Шаньдағы Сынтас асуымен салыстырып, екі нысанның бір-бірінен айырмашылығын ашып көрсетеді.

Ғалымның еңбектеріне зер салып қарасақ, өзінен кейін зерттеулер жүргізетін саяхатшылардың демалып тынығатынына қолайлы орындарды анықтап, жол бойындағы жергілікті нысандарды әртүрлі жағдайда бағдар ретінде пайдалану мүмкіндіктеріне баса назар аударғанын байқауға болады. Ол Жетісу өңірінің табиғатының ерекшелігін анықтаумен қатар қола, сақ-ғұн, түркі замандарынан бізге жеткен тарихи ескерткіштердің географиялық орнын, құрылысын, сақталу жағдайларын анықтап оларға баратын жолдарға толық сипаттама берген.

Жетісу өңірінің баса назар аударатын жағдайларының бірі Ұлттық Ғылым академиясының  Ә. Марғұлан атындағы археологиялық  институты зерттеп жатқан Жетісу өңіріндегі барлық маңызды тарихи ескерткіштері Шоқан еңбектерінде толық көрсетілген. Ғалымның сол кездердегі жол жазбаларындағы маңызды ақпараттарға сүйене отырып кеңес дәуірінде Жетісу өңіріндегі қол, сақ-ғұн замандарының «Бес шатыр», «Есік», Көксу өзенінің жоғарғы ағысындағы Ешкөлмес тауларындағы сақ қорғандарында Ұлы Жібек жолының бойындағы Талғар, Қойлық (Қиялық) қалаларының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, халқымыздың өткен тарихын айғақтайтын деректер табылды.

Айтар ойымызды Есік қорғанынан табылған зооморфты бейнелердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарының бірі Елтаңбаға арқау болуы айғақтайды.

Ш.Ш. Уәлихановтың 1855-1858 жылдар аралығындағы Жетісуға, Ыстықкөл мен Батыс Қытайға жасаған саяхаты барысында анықтаған Жетісу өңірінің тарихи ескерткіштері

Орналасқан орны

Тарихи-археологиялық мәні бар ескерткіштердің аты

1. Іле өзенінің орта ағысындағы таңбалы жартас

Таңбалар мен будданың суреті

2. Қапал бекінісінің маңындағы Суықсай аңғары

Тас үңгірдегі ламакистік құдай бейнесі

3. Іле Алатауының бөктеріндегі Талғар өзенінің маңы

Ерте орта ғасырлық қаланың орны

4. Есік өзенінің аңғары

Ежелгі сақ қорғандары

5. Шелек өзенінің аңғары

Қытай немесе қалмақтардың тоналған қалашығының орны (будда храмы)

6. Ешкөлмес, Лабасы, Баянжүрек, Қызылауыз тауларының баурайы

Ежелге қола, сақ замандарының қорғандары мен петрогрифтері

7. Лепсі-Сарқан өзендерінің орта ағысындағы тау алды жазықтары мен Өсек өзенінің аңғары

Ежелгі сақ қорғандары, ерте орта ғасырлық ірі қала текті және шағын қоныстар, «Үйгентас» қорғаны

8. Іле Алатауының баурайындағы Есенбай өзені

Ерте орта ғасырлық Алматы (Әлімата) қаласы

9. Іле аңғарындағы Шеңгелді өзенінің маңы

Ерте орта ғасырлық ескі қалашықтың орны

10. Шолақ тау

Қола сақ түркі заманының петрогрифтері

11. Ешкөлмес, Сарыноқай, Алмалы таулары

Қыпшақ үлгісіндегі құлпытастар

12. Аякөз өзенінің аңғары

Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі

 

Шоқан еңбектеріндегі физикалық географиялық және тарихи деректер қазіргі кезеңде 2005 жылғы елбасының халыққа жолдауында баса назар аударған туризмді дамытуға мүмкіндік береді. 2004 жыл Алматы облыстық туризм бөлімі Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдарымен бірлесе отырып, мәдени мұра бағдарламасының аясында Ш.Ш. Уәлихановтың 170 жылдығына орай Омбыдан Ыстықкөлге дейін созылатын ұзақ мерзімді бірнеше кезеңнен тұратын «Шоқан жүріп өткен жол» атты ғылыми-танымдық саяхатқа республикамыздың зиялы қауымы тартылды.

Болашақта ғалымның еңбектерінде көрсетілген Жетісу өңіріндегі табиғи және тарихи ескерткіштерді қамтитын арнайы бағыт құрылса, болашақта ғалым жүріп өткен жол бойындағы қазір археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Қойлық қаласындағы, Баянжүрек, Ешкөлмес таулары мен Бесшатыр, Есік қорғандары қайта қалпына келтіріліп, ордабасы сияқты тарихи-этнографиялық қорық бақтар ашылып, интернет арқылы жарнамалар тарату, туристік-рекряциялық инфрақұрылымды қалыптастыру ісі қолға алынған жағдайда ғылыми-танымдық, мінәжаттық және экологиялық туризмді дамытуға жол ашылар еді. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе жұмсалған қаржы он-он бес жылда ақталып, халықты еңбекпен қамту, мәселерін шешуге мүмкіндік туады.

Қорыта айтқанда Шоқан Уәлихановтың еңбектері Қазақстан мен Орталық Азияның табиғатының ерекшелігі мен тарихин зерттеуде ерекше орын алады.

Ол ғалым ретінде неоген-төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қайта жаңғырғанымен ежелгі бедерін сақтап қалған төбесі текшелі тұғырлы үстірттер, сырттарға дұрыс анықтама беріп, жер бедерінің тегістігіне сай батыс Қытай мен Орта Азияны байланыстыратын негізгі керуен жолдары өтетіні жөнінде ой қорытындыларын шығарады. Қазір сырт кеңінен қолданылатын физикалық-географиялық атауға айналды. 1855 жылғы Жетісуға саяхатының нәтижесінде қорыта келе саяхат барысында Іле Алатауының баурайынан Жоңғар қақпасына дейін созылатын Ұлы Жібек жолының бойындағы Алмалық, Екіоғыз, Қойлық (Қиялық) Көктума сияқты ірі қалалық елді мекендермен олардың аралықтарында шағын қоныстар төртгүлдерге, сақ қорғандарының таралу ерекшеліктеріне негізделіп Орталық Азияның көшпелі тайпаларының басым бөлігі Қазақстан мен Европаға Жоңғар қақпасы арқылы өтті деген болжам айтты.

Ондай қорытынды шығаруына Жоңғар қақпасымен малшылар мен жүк тасыған керуендердің өтуіне қолайлылығы Балқаш-Алакөл ойыстарының жер бедерінің тегістігі әсер етті. Шоқан ғалымдардың баруына тыйым салынған ежелгі Орталық Азияда ХІХ ғасырдың ортасында болған алғашқы саяхатшылардың бірі болып табылады. Жұмыстарының барысында табылған археологиялық құндылықтарды экспонат ретінде қойса, Орта Азиядағы орта ғасырлық өркениеттің ірі орталығы мәдени қабаттарды айқындау мақсатында қазылған тереңдігі 1,52 метрге жететін археоогиялық ор (шуф) тартымдылығы мен тарихи маңызын арттырады. Жер бетінен табиғи аналық жыныстарға дейін баспалдақ  тәрізді қазылған ор арқылы алыстан келген шетелдік және отандық қонақтарға ата-бабамыз қоныстанғанын дәлелдейтін мәдени-тұрмыстық қабаттарды таныстыруға болады. Сыртқы күштердің бұзушы әрекетіне жол бермей қайта қалпына келтірген жағдайда, X-XIV ғасырлар аралығында цитодельдің 4 рет бұзылып, қайта тұрғызылғанын туристер өз көздерімен көре алатындай жағдай тура еді. Білікті таныстырушы әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың бұзылып, уақыт өте келе қайта қалпына келтірілуіне жаугершілік замандағы соғыстың салдарынан болған өрттердің, жер сілкінуі мен су тасқындарының әсер еткенін шөгінді тау жыныстары мен кезектесіп келетін тұрмыстық-мәдени қабатындағы күйген ағаш қалдықтары, керегелерді қызыл-сары түсті күйген сылақтар арқылы дәлелдей алады.

 

  • Қазақша
  • Русский
  • English

Реклама

Уважаемые читатели журнала «Туған Өлке» (Родной край)!

Объявляется подписка на электронную версию единственного в Казахстане историко-краеведческого и архивного  журнала «Туған Өлке» (Родной край).


В издательстве Ұш-Қиян вышла книга Современное документирование и документооборот в Казахстане"

узнать подробнее>>

Голосования

Какой информации не хватает на сайте?
 

Счетчик посещений


mod_vvisit_counterСегодня29
mod_vvisit_counterВчера15
mod_vvisit_counterНа этой неделе312
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе645
mod_vvisit_counterВ этом месяце1481
mod_vvisit_counterВ прошлом месяце1404
mod_vvisit_counterВсего237150

Онлайн (20 минут спустя): 1
ВашIP: 54.224.214.93
,
Сегодня: 2017-09-24